Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкенттегі қоғамдық орындарға 30 Wi-Fi құрылғысы орнатылды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қоғамдық орындарға тегін Wi-Fi нүктелерін орнату жоспарланған. Осыған орай 10 қоғамдық орынға 30 тегін Wi-Fi нүктелері орнатылды. Қазір қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – 4, Назарбеков-Бәйдібек би көшелерінің қиылысы Нұрсат аллеясы – 2, «Қызғалтақ» субұрқағы — 2, Арбат – 4, Нұрсат №130 мектеп артындағы аллея – 2, Наурыз алаңы – 4, Жерұйық саябағы – 4, Шәмші аллеясы – 2, Дендросаябақ – 4.

Wi-Fi құрылғыларына қосылу үшін “Aimaq Wi-Fi”-ды таңдаймыз, әрі қарай “Aimaq Wi-Fi” веб-парақшасына өтеміз. Веб-парақшада өз нөміріңізді тіркеп, нөміріңізге түскен смс-кодты енгізесіз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Чернобыль ардагерлері азаматтарды референдумға қатысуға шақырды

admin

Ақтау порты рекорд орнатты

admin

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтар 1,4 млн теңгеге жуық сыйақы алды

admin