Шымкенттегі № 65 мектепте күн станциясы іске қосылды

Шымкент қаласындағы № 65 мектеп пен «Solarway Energy» ЖШС арасындағы меморандум аясында мектептің шатырына қуаттылығы 50 кВт күн электр станциясы орнатылды. Жоба жыл сайын шамамен 70 000 кВт/сағ электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл 4,7 миллион теңгеге тең. парниктік газдар шығарындыларын 60 000 кило CO-ға азайтады, бұл аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоба қала үшін маңызды қадам. Өйткені №65 мектеп артық электр энергиясын таратушыларға сату туралы келісімге отырған алғашқы мемлекеттік мекеме. Электр энергиясын сатып алу туралы келісім кепілдендірілген жеткізуші «Энергопоток» ЖШС-мен жасалды, ал электр энергиясының есебі екі бағытты есептегіш құрал арқылы жүргізіледі, бұл тараптар арасындағы сальдолық есептеулер мен өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының дамуына қатысты жасыл экономиканы дамыту және таза энергияға көшу мәселесіне ерекше назар аударуды бірнеше рет тапсырған. Президент бүкіл энергетика саласын – генерациядан бастап сату жүйесіне дейін басқару тәсілдерін жетілдіру міндетін қойды.
№65 мектептегі күн электр стансасы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің айтарлықтай қолдауымен орнатылды, бұл аймақтық энергетикалық комиссия басшылығының көмегімен жедел техникалық шарттарды беруді және стансаның өз желісіне қосылуын қамтамасыз етті. Бұл пилоттық жоба ауқымдылық әлеуетін көрсетеді, өйткені осындай модельді басқа мемлекеттік мекемелерге, мысалы, мектептерге, ауруханаларға және әкімшілік және мәдени ғимараттарға да қолдануға болады.
Бұл жоба Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков пен «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Д.Ыдырысов арасында қол қойылған келісімнің арқасында мүмкін болды. Осы келісім аясында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және оларды қалалық желіге біріктіруге қолдау көрсетпекші. Болашақта шағын генерацияны пайдалана отырып, Шымкен қаласында жасыл энергияны 25 МВт-қа дейін кеңейту жоспарлануда. Қазіргі таңда осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бюджет қаражатын үнемдеп қана қоймайды, сонымен қатар электр желілеріне қайта сатуға болатын артық электр энергиясын өндіруге сетігін тигізеді.

ПІКІР ЖАЗУ