Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкентте жол ортасында жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті

Шымкентте жол бойында кетіп бара жатқан жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті. Оқиға 28 тамызда кешкі сағат 19-дан өте болған.

Қалалық ТЖД хабарлауынша, Арғынбеков көшесі бойында «Mersecedes-Benz» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанған. Өрт сағат 19:36-да оқшауланып, сағат 19:43-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнына департаменттің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтеді

admin

Суға шомылу маусымының қауіпсіздік ережелері

admin

Дархан Сатыбалды «Жайлы мектептің» құрылысын пысықтады

admin