Шымкентте жоғары технологиялық операция сәтті өтті

Жүрек алмастыруды қажет ететін науқасқа дәрігерлер LVAD қондырғысын орнатып берді. Жоғары технологиялық операцияны дәрігерлер 60 жастағы науқасқа жасады.

Операциядан шыққан науқас қазір Жүрек орталығындағы дәрігерлердің бақылауында жатыр. Жасанды қондырғы арқылы науқастың жүрек қызметі жақсарды. Мұндай қондырғыны мамандар ауыр жағдайдағы науқастарға кардиохирругиялық жолмен орнатып береді. Бүгінге дейін жергілікті кардиологтар 10 науқасқа LVAD аппаратын орнатқан.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ