Шымкентте жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділік артқан

Консультативтік-диагностикалық қызметтер мен  КТ, МРТ сияқты тексерулерден тегін өтуде күту уақыты 5 күннен аспайды. Дегенмен, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру өзекті.

Бұл мәселе қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен өткен штаб отырысында талқыланды. 

Жиын барысында “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Сәбит Құралбек атқарылып жатқан жұмыстар барысын, саладағы өзекті мәселелердің шешімдерін баяндады.

Қазіргі таңда Шымкентте тұрғындардың 80 пайызға жуығы МӘМС -пен қамтылған, 252504 азамат сақтандырылмаған.

Қала әкімінің орынбасары бұл тұрғыда аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына халықты қамту жұмыстарын күшейтуді тапсырып, штаб отырысында нәтижесін баяндауды тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ