Шымкентте жем сақтайтын қойма отқа оранды
Шымкентте май шығаратын зауытқа қарасты қойма отқа оранды. «101» диспетчерлік қызметіне Қапал батыр тас жолының 5-ші шақырымындағы өрт туралы 31 шілдеде сағат 10.17-де хабарлама келіп түскен.
«Корпорация Алтын май» ЖШС-іне қарасты жалпы аумағы 900 шаршы метрді құрайтын жем сақтайтын ғимараттың 270 шаршы метр шатыры және 20 тонна пісте май қалдығы жанды. Өрт сағат 11.27-де оқшауланып, сағат 12.19-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» делінген ТЖД мәліметінде.
Қызыл жалынды сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің 60 қызметкері мен 13 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.
Қала аумағында 31 шілде мен 2 тамыз аралығында төтенше өрт қаупі сақталатындығын еске саламыз.