Шымкентте вело шеру өтті
Қазақстан және Өзбекстан елдері арасындағы ынтымақты нығайту мақсатында 2019 жылдан бері Шымкент қаласынанда вело шеру ұйымдастырылатын. Кейінгі жылдары карантиндік шектеулерде бұл іс-шара уақытша тоқталған еді. Араға бірнеше жыл салып, еліміздегі ең ірі вело шеру қайта жаңғырды.
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласы Спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастырумен өткен жиынға еліміздің әр өңірінен келген вело шабондоздар қатысты.
Жалпы 150 қатысушы тіркелген. Олар 120 шықарымды жүріп өтуі тиіс. Жарыс жолын бағындарған барлық қатысушы медальдармен марапатталады. Жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов вело шерудің маңыздылығына тоқталды.
– Бүгінгі спорттық іс-шараның мақсаты қаламызды велосипед спорт түрін дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау. Елімізге мемлекет тарапынан спортты дамытуға айрықша мән беріліп, әрбір азаматтың спортпен айналысуына жағдайлар жасалуда. Атап айтқанда, таяуда ғана ашылған 6 шақырымды вело жолағымыз, Шымкент қаласындағы қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды жобаның бір бөлігі болып табылады. Қалада велосипед спортымен жеңіл атлетика спорт мектебі жұмыс жасайды. Соның нәтижесінде, спортшыларымыз Халықаралық деңгейдегі жарыстарда, әлем, Азия чемпионаттарында көк туымызды желбіретіп келеді. Бүгінгі марафонға тек қала тұрғындары ғана емес, басқа да өңірлерден келген қонақтарымыз бар,-дейді Қуаныш Асылов.