Шымкентте Ұлттық Ұлан сарбаздары алғашқы болып дауыс берді

Шымкенттегі №6698 әскери бөлімінде орналасқан номері №30 сайлау учаскесінде таңдау жасау 06:00-де басталды. 

Бөлімдегі 191 мерзімді әскери қызметші референдумге қатысып, өз таңдауларын жасады. Учаскеде әскерилердің еркін таңдау жасауы үшін тиісті мүмкіндіктер жасалған. 

Естеріңізге сала кетейік, әскери бөлімдерде дауыс беру таңғы 06:00-ден басталып, қызметкерлер 07:00-ден қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кірісетін болады.

ПІКІР ЖАЗУ