Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкентте төрт тәулік ішінде 70-тен астам автокөлік айып тұраққа қойылды

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полицейлер қала көшелерінде орын алған 4475 жол ережесін бұзу жайттарын анықтады. Оның ішінде, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін -758 тұлға, тізгінде отырып ұялы телефон қолданғаны үшін – 256 азамат және жол жүрісі қағидаларын бұзған -770 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, мас күйде көлік басқарған 14 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен жауапкершілікке тартылса, тағы 74 автокөлік айып тұраққа қамалды.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғындарды жол үстінде барынша мұқият болуға және ережені қатаң сақтауға шақырады. Өйткені, жол қателікті кешірмейді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: пиротехникалық заттарды мұқият пайдалану қажет

admin

Үкімет қаулысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды

admin

Қазақстандықтар орташа есеппен 75 жастан көп өмір сүреді

admin