ШЫМКЕНТТЕ ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Шымкент қаласында 5 қыркүйек – “Қазақстан халқы тілдері күні” мерекесі аталып өтті. Мерекелік шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында карантиндік сақтық шаралар қатаң сақтала отырып ұйымдастырылды.

Ауқымды іс-шараның өзіндік ерекшелігі барлық мәдениет саласының (тілдер орталығы, архив, цирк, театр, кітапхана , мәдениет үйлері т.б.) қызметкерлері жұмылдырылып, қаланың “Абай” және “Жеңіс” саябақтары, Арбат аумағында тілге құрмет көрсетті.

Атап өтер болсақ, “Абай” саябағында “TilTime” мерекелік іс-шарасы болды. “Tiltaim мерекелік шара барысында

“Балалар әлемі” – бормен сурет салу;
– “Сөзмерген” – Викториналық сұрақтар;
– “Латын-караоке” – Латынша жазылған ән орындау шеберлігі өтті.

– “Сөйлеtime” Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік мұраты атауымен Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының тіл үйренушілері қазақ тілі сабағын өткізді.

Сонымен қатар,
– “Ханталапай” ұлттық ойыны;
– “Әріптер әлемі” қазақтың төл дыбыстары;
– “Тілашар” сөздігінің тұсаукесері;
-“Біліміңді тексер” “ҚАЗТЕСТ” бағдарламасы бойынша тест тапсыру, диктант жазу;
– “Тіл-тарих” архив көрмесі;
– “Сөйлестім” ағылшын тілі клубы,
– “Қуаныш әлемі” Қуыршақ театры мен Цирк ұжымының қойылымы ұйымдастырылды.

Қалалық кітапханалар тарапынан “Жеңіс” саябағында “Тіл және әдебиет” атты кітап көрмесінде “Оқуға тиіс 10 кітап”, “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық”, “Қазақша 100 бестселлер” сериясымен шыққан кітаптар, тілдік танымды арттыратын, жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беретін кітаптар ұсынылды.

Ал, театрлар тарапынан Арбатта “Тіл – тарих” атты іс-шарасы,
– “Күлтегін” қойылымы (Күлтегіннің насихат сөзі, тасқа қашалып жатқан көрінісі)
– “Әбу Насыр Әл-Фараби”
– “Абай”, “Пушкин”, “Гете”, “Лермонтов”
– “Ыбырай Алтынсарин”
– “Науаи мен Байқара” қойылымдары келуші қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл күй сыйлады.

Өзге этностардың мәдениеті мен тілін құрметтей отырып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның мәртебесі мен маңызын насихаттау мақсатында іс-шараға тіл мәселесін көтеріп жүрген тіл жанашырлары мен қала тұрғындары қатысты. Арнайы шақырылған, қазақ тілінің – ұлттық белгі, халықтық мұра, тәрбие діңгегі, білім-ғылымды игеру көзі, тіл – ұлттың жаны екенін ұғындырып, ана тілімізде сөйлеуді насихаттауда ерекше үлес қосқан бірқатар Шымкент қаласы тұрғындары марапатталды.

ПІКІР ЖАЗУ