ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ КВИ-ДІҢ 95 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Шымкент қаласында 13 қыркүйек күні КВИ-дің 95 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 74, белгілері жоқ – 21). 57 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 38 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 183 орын бар, төсек орын толымдығы 40%-ды құрайды, 1239 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 944 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 393 төсек орын бар, 180 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 2451 адам вакцина алды
(I компонент-1816, II компонент-635). Егу науқаны басталғалы барлығы 458 649 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 385 573 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар өткен тәулікте 403 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, карантин талаптарын қатаң сақтайық. Екпе алып, пандемияны бірге жеңейік! Емханалардағы барлық екпе егу бекеттері демалыс күндері де жұмыс жасайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ