Шымкентте республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті

Жастарды әскери қызметке тәрбиелеу және даярлау процесінде білім беру ұйымдары мен күш құрылымдарының еңбегін біріктіру шеңберінде Шымкент қаласының оқушылар сарайында алғашқы әскери технологиялық дайындық оқытушыларының, қалалық әкімдік өкілдерінің, күш құрылымдары мен жұртшылықтың қатысуымен республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

Бұл іс-шараны өткізудің маңыздылығы әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды әскери қызметке даярлау сапасы мен оқу орындарындағы әскери-патриоттық жұмыстың мазмұны бастапқы әскери технологиялық дайындық оқытушыларына байланысты.

Конференция «әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Қорғаныс министрлігі Орталық әскери ғылыми-зерттеу институтының бас маманы, отставкадағы полковник Айдар Кикимовтың басшылығымен өтті. Сонымен қатар, кездесуде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Ораз Кучуков, Шымкент қаласы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі полковник Тимур Бидайбеков, қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, сондай-ақ күш құрылымдарының, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері сөз сөйледі.

Білім беру жүйесін дамытуға және оқытушылардың құзыретін кеңейтуге бағытталған іс-шарада сөз сөйлеген спикерлер өз бөлімшелерінде қызмет өткеру ерекшеліктері, жоғарғы оқу орындарына түсу тәртібі, сондай-ақ қызмет өткеру жағдайындағы өзгерістер туралы айтып берді. 

Конференция басталар алдында оқушылар сарайының фойесінде қонақтар мен қатысушылар үшін ҚР Қарулы күштердің, Шекара қызметінің және Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің қару-жарақтары мен әскери жабдықтарының көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері құтқарушылардың арнайы жабдықтарын көрсетті.   

Шымкент қаласындағы «Қарулы күштер ардагерлері» кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев оқушылар сарайы қонақтары мен келушілеріне еліміздің батырлары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың ғасырлық мерейтойына арналған дарынды оқушылардың қолымен салынған суреттері мен кітаптар көрмесін өткізді. Ғасырлық мерейтойлары бір жылға түскен қос батыр туралы айта келе Серікбай аға, ол бірінші министрдің басшылығымен қорғаныс министрлігінде қызмет еткен және Қазақстанның тәуелсіз әскерлерінің қалыптасуының тірі куәгері болған жылдарын еске алды. 

Конференция соңында оқушылар сарайының тәрбиеленушілері патриоттық концерт ұйымдастырды, ол тек музыкалық және би композицияларынан ғана емес, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы туралы спектакль қойылымы мен қонақтарды тәнті етті.

ПІКІР ЖАЗУ