Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ҚоғамҚұқық

Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтар анықталды

Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жүргізілген тексеру барысында қаралатын шағымдар бойынша шешімдер қабылдау кезінде жекелеген әлеуетті өнім берушілерге артықшылық беру, бір көзден шарттар жасасуда негізсіз келісу, аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдамау, сондай-ақ енгізілген хабарламаларды орындамау жөнінде шаралар қабылдамау фактілері анықталған.

Қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу бойынша 59 факт, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылық белгілері бар 52 бұзушылық анықталған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен 6 лауазымды тұлға, оның ішінде Департамент басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандық әкелер балаларына 28 млрд теңге қарыз

admin

Шымкентте көшеден жаңа туған нәресте табылды

admin

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

admin