Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БілімЖаңалықтар

Шымкентте мектеп жәрмеңкесі өтеді

Шымкент қаласының білім басқармасы мен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен *«Мектепке жол» акциясы* өтеді.

Акция аясында *12 және 19 тамыз* күндері ауқымды *мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады*. Жәрмеңкеде мектепке керек-жарақтар — мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім және сөмкелер, дәптерлер мен қаламсап, тағы да басқа қажетті заттар қолжетімді бағада ұсынылады. «Мектепке жол» акциясы аясындағы жәрмеңкеге 13 отандық өнім шығаратын кәсіпорын қатысады.

Жәрмеңкенің өтетін орны мен уақыты: Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт кешені, сағат 09:00-15:00 аралығында.

Сәйкес жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген 213 кәсіпкерге әкімшілік шара көрілді

admin

Бас прокуратура су тасқынына байланыста тергеу жұмыстарын бастады

admin

Мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

admin