Шымкентте құрылыс сапасына қатысты әкімшілік құқық бұзғандар жауапкершілікке тартылды
Құрылыс сапасына қатысты 8 айда 19 құрылыс объектісі бойынша 19 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты – 68 құрылыс нысаны бойынша 177 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Айыппұлдың жалпы көлемі 37 432 734 теңге, өндірілгені – 28 645 546 теңге. Құрылыс сапасына қатысты 8 айда 19 құрылыс объектісі бойынша 19 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7 125 500 теңгенің 1 587 500 теңгесі өндірілген.
Ал үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзу бойынша – 9 тұрғын үй кешеніне қатысты 9 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотқа негізінен қарау үшін жолданды. Сот шешімдері негізінде әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 7 420 920 теңге, өндірілгені- 7 420 920 теңге.