Шымкентте коммуналдық сала қызметкерлерінің 30%-ы жұмыстан кеткен
Шымкентте коммуналдық салада айлық аздығынан 30 пайыз қызметкер жұмысынан кеткен. Оның ішінде электрик, дәнекерлеуші сынды маңызды мамандар бар.
Бұған дейін олардың жалақысы 100-130 мың теңге аралығында ғана болған. Сондықтан жыл сайын қызметкерлер саны азайып барады. Осыған орай монополияларды реттеу комитеті арнайы ұсынып енгізіп жатыр.
Дархан Қайынбердиев, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы: «Республика бойынша Табиғи монополиялар туралы заңға өзгеріс енді. Бұл тек Шымкентте ғана емес, көп жерде айлық аз. Сондықтан мамандар басқа салаға кетіп жатыр. Мамандарды ұстап қалу үшін, жақсы мамандар жұмыс істеу үшін заңға өзгеріс жасалды»
Мамандардың айтуынша, қазір айлық орташа көрсеткіштен 2 есе аз. Ал үкімет жіберген ұсынысты мақұлданса, коммуналдық сала қызметкерлері 200 мыңнан жоғары жалақыға қол жеткізеді.