Шымкентте екі айда 2 мыңға жуық жұп некелесуге өтініш берген
Қазір болашақ жас жұбайлар үйден шықпай-ақ онлайн режимде некеге тұруға өтініш бере алады. Қала бойынша 1096 жұп онлайн өтініш тапсырған.
Өтініш беру үшін ЭЦҚ арқылы eGov порталындағы «Отбасы» бөлімін таңдап, одан «Отбасылық жағдай» бөлімінде «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметі таңдалады.
Өтініш тәртібімен танысқаннан кейін «Онлайн қызметке тапсырыс беру» бөлімінде жеке деректерді толтыру қажет: ерінің/зайыбының ЖСН және неке тіркелетін тіркеу бөлімін таңдау қажет екені ескеріледі.
Өтініш толтырылғаннан кейін жүйе төлем жасауды ұсынады. Өтініш беруші «Төлеу» батырмасын басу арқылы төлем жасап, өтінішті ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Болашақ зайыбының өтініш беруді растауын алу үшін электрондық үкімет порталындағы «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне өтіп, өтінімді толтырып, ЭЦҚ көмегімен растау қажет.
Айта кетейік, некені тіркеу туралы өтінішті 15 күн алдын тапсыру қажет. Некеге тұру жасы ерлер мен әйелдер үшін заңмен 18 жастан бастап белгіленген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі