Шымкентте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорындар қарқынды жұмыс істеуде

«ЮгРегионПласт» ЖШС зауыты «Бизнестің жол картасы-2020» және «Индустрияландыру картасы» бағдарламаларының аясында қолға алынған. Негізі 2011 жылы қаланып, бүгінде қарқынды жұмыс істеп келеді. Алғашқы өнімін 2013 жылы шығарған. Жылдық қуаттылығы 64 мың шаршы метр. Өндіріс ошағындағы техникалардың барлығы шетелдік. Арнайы тапсырыспен Қытайдан әкелінген. Бір қуанарлығы кәсіпорындағы қондырғыларда жергілікті халық еңбек етеді. Барлығы заманауи құрылығылардың тілін жетік меңгеріп алған. Қазіргі таңда зауытта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Айтып өтейік, тауарға сұраныс көбінесе шет мемлекеттерден түседі. Оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресей елдері бар. Ал, өзіміздің өңірлерден Павлодар, Маңғыстау қалаларын пластикалық өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.

Зауыт өз өнімдеріне 50 жылдық кепілдік береді.Сондай-ақ өнімнің пластикалық болғанына қарамастан, өндірістің табиғатқа зияны жоқ көрінеді. Себебі, компания шикізатты ақылмен пайдаланады және өндіріс қалдық қалмайды.

 

ПІКІР ЖАЗУ