Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамСаясат

Шымкентте барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім бар

  • Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі қаңтар-маусым айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды.
  • 6 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалғаны, өсім динамикасы тіркелгені атап өтілді.
  • Мегаполисте негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,4 пайызға артты.
  • Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, көлемі 14 пайызға өсті. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 32,3 пайызға артты.
  • Сонымен қатар, жалпы сауда көлемі 7,3%-ға, оның ішінде, бөлшек сауда 21,4 пайызға өскені байқалды.
  • Үкімет басшысы жауаптыларға өңірлерді дамытуда бірқатар тапсырмалар жүктеп, жалпы қабылданып жатқан шаралардың тұрақты мониторингін қамтамасыз ету керектігін атап өтті.
  • Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Полиция 300-ге тарта тұрғынның жол саласына, автокөлік басқаруға қатысты сұрақтарына жауап берді

admin

Шымкентте қаңғыбас иттер қабірлерді қазып, күшіктеп тастаған

admin

Қазақстан Global Firepower рейтингінде Орталық Азиядағы көшбасшылықты нығайтты

admin