Шымкентте «Балалар романсиадасы» байқауы өтті
Шымкент қалалық балалар өнер мектебінде «Балалар романсиадасы» Орталық Азия байқауы өтті. Ән додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 9-16 жас аралығындағы музыкалық және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты.
Бұл атыраулық Серікхан Хасанның балалар Романсиадасына алғашқы қатысуы. 9 бен 11 жас аралығындағы топта өнер көрсеткен жас әнші ұстазымның маған қойған міндеттерін орындауға тырыстым, жоғары дәрежеде өткен байқау қатты ұнады дейді.
Үш жас тобында ұйымдастырылған Балалар романсидасына 12-14 жас, 15-16 жастағы жас әншілер қатысты. Байқаудың шарты бойынша үміткерлер классикалық орыс, ұлттық романс және халық әндерін орындап, өз мүмкіндіктерін көрсетті. Көрермен көңілінен шыққан қатысушыларға әділ қазылар алқасы өз бағасын берді.
Алексей Скибин, «Балалар Романсидасы» Орталық Азия байқауының директоры: «Романсиада балалардың романс айту шеберліктерін шыңдайды. Осындай дәрежедегі байқауларға қатысқан құрдастарын көріп үйренеді, тәжірибе алмасады. Сахнада өзін ұстауды меңгеріп, қобалжуды жеңеді. Романсты басынан аяғына дейін жүрегімен айту ол шеберлік. Балалар осы керемет қасиеттерді жастайынан бойына сіңіріп, биіктен көрінуге ұмтылады. Балалар Романсидасы үлкен сахнаға жолдама береді. Жаны әсемдікке, рухани азыққа ұмтылған әншіден жақсы адам шығады».
Жобаның мақсаты- Қазақстан мен Орта Азиядан келген дарынды балаларды сирек кездесетін ән жанры — романсқа деген қызығушылығын арттыру. Байқаудың міндеттерінің бірі балалар мен жасөспірімдер арасында орыс классикалық музыкасының үздік вокалдық үлгілерін насихаттау.
Марина Лимаренко, ұйымдастырушы: «26 жыл бойы өтіп жатқан Романсиада байқауында Балалар Романсидасы ұйымдастырылғаны керемет шешім болды. Өйткені балалар жас ерекшеліктеріне қарай өздері түсінетін туындыларды орындайды. Романс орындау оңай емес. Классика, халық әндері өнер сүйетін балалар мен жасөспірімдердің салт -дәстүр, мәдениетті тануға зор мүмкіндік береді. Мен балалар үшін өте қуаныштымын».
«Балалар романсиадасы» байқауына қатысуға Қазақстанның өңірлерінен бөлек Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан жас әншілерінен жалпы 57 өтінім түскен. Қуантарлық жәйт, жобаға қатысушылар үшін балаларға арналған романстар ноталарының жинағы әзірленіп, басып шығарылды. Оны Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Мәскеу романс үйінің директоры, «Романсиада» жобасының жетекшісі Галина Преображенская дайындады. Байқаудың барлық қатысушыларына нота сыйға ұсынылды.