Шымкентте ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр

Шымкентте ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент полициясы 40 жастағы Феруза Корчиеваға іздеу жариялады. Ол танысының банктің тұрғын мүлкін кепілден шығарып бермек болып, жалпы сомасы 12 миллион 700 мың теңгесін алып кеткен. Ақшаны алған соң, күдікті хабар-ошарсыз ізін суытқан.

«Аталған іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4- бөлігі бойынша тіркелді. Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр. Феруза Корчиева соңғы рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерден қашып кеткен», – делінген Шымкент қаласының полиция департаменті таратқан ақпаратта.

ПІКІР ЖАЗУ