Шымкентте адам өлтірген топтың бір мүшесі іздестірілуде
Абай АПБ-ның қызметкерлері 1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны Тәжибаев Ерлан Абдуллаевичті іздестіруде. Ол, 2012 жылы қымбат маркалы автокөлікті иемдену үшін, таныстарымен алдын ала сөз байласып, Шымкент қ. Темірлан тас жолының бойында бейтаныс ер адамды қасақана кеуде тұсынан атып өлтірген.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған адам өлтіру» бойынша тіркеп, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде, сыбайластардың үшеуі Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында ұсталып, қамауға алынды. Алайда, Тәжибаев Ерланға қатысты жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді. Қазіргі таңда халықаралық іздеу жарияланды.
Сондықтан, суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса бірден полицияның «102» арнасына немесе 8-7252-97-66-44, 8701-555-28-06, 8775-777-23-05 байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұрайды.