Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкентте 4 ірі жолайрық салынады

Шымкентте қазіргі уақытта 295,3 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 92,2 шақырым магистралды, 203,1 шақырым ішкі орамдық көшелер.

Көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 ірі жолайрықтың құрылысы жоспарланып, бұл жылы 2-уінің құрылысы басталды. 1 жолайрық жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі жыл соңына дейін 63,6 пайызға жетеді.

Қоғамдық көліктердің 80 пайызы жаңаланады. Былтыр 590 жаңа автобус сатып алынып, оның 300-і жолға шықты, жыл соңына дейін 290 жаңа автобус қосылады. Бұл автобустар газбен жүреді, кондиционері бар, мүгедектерге қолайлы.

Ал, қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қалада 92 гектар жерге сауда-логистикалық аймағы құрылды. Одан бөлек, тағы да 3 логистикалық жобаның құрылысы жүргізілуде.

Бүгінгі таңда қалада Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық, Қонаев көшесі жалғасы құрылысы, магистралды көшелерде орташа жөндеу, ішкі орам көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 2 кезеңі жұмыстары («Ескі қалашық» аумағы) «Сити Строй» корпорациясы тарапынан атқарылуда. Қазіргі таңда аталған нысан бойынша жер негізін жасау жұмыстары жүзеге асырылуда.

Сәйкес жаңалықтар

Түлкібас: педагог — психологтармен тәжірибелік семинар өтті

admin

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков көпқабатты тұрғын үй құрылыстарын аралап, жұмыс барысын көрді.

admin

Шардарада армрестлингтен және гір тасын көтеруден облыс чемпионаты өтті

admin