Шымкентте 100 орынға лайықталған стационар ашылды
Үшінші мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне байланысты тағы инфекциялық стационар ашылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалалық психикалық денсаулық орталығында ашылған стационар 100 орынға лайықталған. Мұнда коронавирирус инфекциясы мен пневмонияның орташа және ауыр түріне шалдыққан науқастар ем алуда.
Инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеу үшін орталықта дәрі қоры мен қажетті медициналық құрылғылар жеткілікті. Сондай-ақ мекемедегі медицина мамандары арнайы оқытудан өтіп, біліктілігін арттырған. Қазір мұнда инфекцияға шалдыққан 19 науқас ем алып жатыр.
Айта кетейік, 2020 жылы қалада эпидемиялогиялық жағда өршіген тұста психикалық денсаулық орталығының мамандары коронавируспен күресте алдыңғы шепте қызмет етті. Емдеу мекемесінде провизорлық орталық ашылып, медицина мамандары қауіпті індетке шалдыққан науқастарды емдеп жазды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 096 орын бар, оның ішінде1198 төсек орын бос. Ал инфециялық стационарда 1898 науқас емделуде.