ШЫМКЕНТ: Жасыл желекті қалаға айналдыру және ағаштарды көбейту

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында жаппай санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Қаратау ауданында көшелерді, аяқ жолдарды тазалау және жуу, ортақ пайдаланылатын жерлерді, ирригациялық желілерді санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда.

Көшелерді тазалау жұмыстарына 50 бірлік арнайы техника, оның ішінде 24 суару-жуу машинасы, 2 тротуар жинау машинасы, 3 трактор, сондай-ақ, 180 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Жауын-шашын кезінде судың кедергісіз өтуін ұйымдастыру үшін жолдардың жүру бөлігі астындағы арықтар мен арық өткелдері тазартылды.

Бұдан басқа, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кесте бойынша аптасына 2 рет 257 қоғамдық көлік аялдамасына және жаяу жүргіншілер аймақтары мен тротуарларға дезинфекциялау, жуу жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Сонымен қатар, Шымкентті жасыл желекті қалаға айналдыру және ағаштарды көбейту мақсатында аудандағы ағаштарды суғару тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Бұл жұмыстардың тұрақты жүргізілуін аудан әкімі жеке бақылауына алған. Аудан әкімі Р.Мыңбаев әрбір жүрзіліп жатқан жұмыстың басында болып, сапалы орындалуын қадағалауда.
Бүгін Арғынбеков көшесінің бойындағы ағаштарға кезекті күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Аталған көшеде ағаштарды және гүлдерді суғару, санитарлық қырқу, ағаш түптерін қопсытып, әктеу, жасыл желектерді ретке келтіру, шөптерін ору жұмыстары атқарылды.
Жалпы аудандағы барлық жасыл желектердің күтімі қатаң бақылауда.
Жасыл желектер қала көркіне сән беріп қана қоймай, экологиялық жағдайды да айтарлықтай жақсартатыны сөзсіз.

ПІКІР ЖАЗУ