Шымкент: зауыт жылына 250 мың тонна өнім қндіруге қауқарлы

Болат блюм шығаратын «Shymkent Temir» зауыты қаладағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорын 2018 жылы іске қосылды. Жалпы аумағы – 21 гектар. Бүгінде өндіріс ошағында 500 адам жұмыспен қамтылып отыр. Зауыт жылына 250 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы.

Өндірістік орында арматура, түрлі металл бөлшектері шығарылады. Мұнда жартылай дайын өнімдер 40 тонналық индукциялық пеш, өңдеу құрылғысы жəне үш ағынды үздіксіз құю машиналарында дайындалады.

Кәсіпорын аумағында тұйықталған темір жол, газ тазалау қондырғысы бар. Сонымен қатар, электр желісі мен су құбыры тартылған. Өндіріс алаңында жобаның толық жүзеге асырылуына барлық жағдай жасалған.

Зауыттың өнімі көршілес Өзбекстан еліне экспортталуда. Ал елімізде Қостанай қаласына тасымалданып жатыр.

ПІКІР ЖАЗУ