ШЫМКЕНТ: Үйірмелердің бірі және бірегейі – жетіген және домбыра үйірмесі ЖК «Zhetigen mektebi»

Мемлекет басшысының балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және спорт тапсырысының жан басына қаржыландыру бойынша берген тапсырмасының негізінде Шымкент қаласында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласында мемлекеттік тапсырыс бойына жұмыс атқарып жатқан үйірмелердің бірі және бірегейі – жетіген және домбыра үйірмесі ЖК «Zhetigen mektebi».

Жетіген – көне заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Жетіген үйірмесінде оқушы жетіген аспабының қыр сырын ұғынып, жетігенде ойнауды үйренеді. Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған жетіген аспабына қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынталы, 6-18 жастағы оқушылары тартылды.
Үйірменің балаларға берері көп. Оларға ұлттық аспаптар туралы мағлұматтар беріліп, жетіген аспабының құрылысы түсіндіріледі. Жетігенді қалай ұстау, жетіген тартқанда қалай отыру керектігі үйретіледі. Жетігеннің құлақ күйін келтіруіне назар аударылады. Аспаптың тарту техникасына көп көңіл бөлінеді. Үйірмеде топтық, оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Халық күйлері әндері үйретіледі.
«Сахнаға шыққан өнерпаздарды қараңыздаршы. Үстінде ұлттық киім, қолында домбыра. Қандай керемет. Демек үйірмеге қатысушыларды пән мұғалімдері ең алдымен мәдениеттілік пен эстетикалық тәрбиеге және тәртіпке үйретеміз. Жалпы мектептерде негізгі сабақтарға көп көңіл бөлінеді. Ал арнайы орталықтардағы домбыра, үйірмесінде әр баланың бойына бейімділігіне байланысты қажетті қағидалар сіңіріледі. Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан олардың жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуы үшін біліммен қатар өнер және спорт үйірмелеріне қатысуын қамтамасыз ету әрбір ата-ананың борышы әрі парызы екендігі ақиқат», – деп жеке кәсіпкер, «Еңбек даңқы» орденінің иегері Ескараева Камила өз ойымен бөлісті.

Қазіргі танда, Шымкент қаласында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша 16 жеке кәсіпкер 1600-ден астам балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық үйірмелерде оқытуда.

ПІКІР ЖАЗУ