Шымкент-Ташкент арасындағы ынтымақтастық арта түседі

Бүгін қала әкімі М. Әйтенов Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Ниязходжаевты қабылдады. Тараптар алдағы уақытта туризм, сауда-саттық, өнеркәсіп, мәдениет салаларында екі жаққа да тиімді болатын маңызды жобаларды талқылады. М.Дүйсенбекұлы Ташкенттің турист тартудағы оңды тәжірибесінің тиімділігін атап өтіп, болашақта мегаполистің туризм бағытын дамытуда әріптестік байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді.

Шымкент-Ташкент бағыттарындағы көрікті орындар бойынша жаңа туристік бағыттарды жолға қоюды ұсынды. Өзбекстан тарапы Шымкенттік делегацияны алдағы уақытта Ташкент қаласында өтетін халықаралық қолөнершілер көрмесіне шақырды.

Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды саласы өзара сауда-саттық болып табылады.

Еліміздің негізгі экспорттық өнімдері – азық-түлік тауарлары, металдар, энергия тасымалдаушылар, ірі қара мал, мұнай өнімдері, химиялық өнімдер және құрылыс материалдары болып табылады. Өзбекстан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, қара және түсті металдарды, машиналарды, химиялық өнімдер мен құрылыс материалдарын жеткізеді.

Тараптар арасында көлік саласындағы ынтымақтастық та кеңейіп келеді. Бұл өз кезегінде туристік саладағы байланыстың жаңа перспективаларына жол ашады. Жалпы, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуда да жаңа бастамалар бар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ