Шымкент: салық мөлшерлемесі 4%-дан 2%-ға төмендейді

Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау маңызды екенін айтып келеді. Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіпкерлерге бөлшек салықтың арнаулы салық режимі мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылғанын атап өтті. Бұл туралы қайтарымсыз грант арқылы өз кәсібін ашқан азаматтардың қатысуымен өткен жәрмеңкеде айтылды.

“16 наурызда мәслихат сессиясы өткеннен кейін бұл шешім өз күшіне еніп, жұмыс жасай бастайды. Шымкентте  кәсіп етеміз деген Қазақстан Республикасының кез келген азаматына есігіміз ашық. Бәріне де қолымыздан келгенше жағдай жасап береміз. Ниеті дұрыс, іскер азаматтарды шақырамыз” – деді қала әкімі өз сөзінде.

ПІКІР ЖАЗУ