Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шымкент полицейлерінің көмегіне бір аптада 7 мыңнан астам азамат жүгінді

Шымкент полицейлерінің көмегіне бір аптада 7 мыңнан астам азамат жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына өткен аптада қала тұрғындары мен қонақтарынан түрлі сипаттағы 7203 қоңырау түсті. Бейнебақылау камераларының көмегімен 21-27 наурыз аралығында 23 қылмыс ашылды: ұрлық, тонау, автокөлікті заңсыз иемдену және т.б.Сонымен қатар, 3229 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдалану орындарын ластау) – 375 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 100 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 55 жайт анқталып, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, 2368 жол жүру қағидаларын бұзу және 331 өзге де құқық бұзушылық анықталды.

Сәйкес жаңалықтар

«Жұмысты «жүрдім-бардым» атқару — жауапсыздық. Маған себеп айтудың қажеті жоқ, шешу жолын ұсыныңыздар»

admin

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2024 жылдың 5 айы бойынша шолу

admin

Шымкент қаласы төтенше жағдайда халықты құлақтандыру құрылғылармен жабдықтауда республикада екінші орында

admin