Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Денсаулық

Шымкент: перинаталдық орталықта неонаталды хирургия ашылды

Шымкент қалалық Перинаталдық орталықта неонаталды хирургия ашылды. Енді емдеу орталығының дәрігерлері тумасынан ауыр дертке шалдыққан науқастарға перзентхана ішінде шұғыл хирургиялық көмек көрсете алады.

Неонаталды хирургия ашылғалы бері орталық дәрігерлері жеті сәбиге ота жасап, ажалдан арашалап қалды.

Перинаталдық орталық ішінде сәбилерге күрделі операция жасау үшін қажетті заманауи техникалар мен құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог-реаниматолог мамандарымен толықты.

Айта кетейік, Перинаталдық орталық жүкті әйелдер мен нәрестелерге жоғары деңгейдегі арнайы медициналық көмек көрсететін қаладағы жетекші медициналық ұйым болып есептеледі.

Сәйкес жаңалықтар

«Бұдан басқа ама­лым қалмады»: Протезге қол жеткізу үшін қазақстандық ару қандай әрекетке барғанын айтып берді.

admin

Стоматологиялық қызметтерге МӘМС шеңберінде 1 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді

admin

Алматыда 232 адам Гонконг тұмауын жұқтырған

admin