Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Өтеміс» тұрғын алабында 15-ке жуық аула абаттандырылады

Шымкент қаласының әкімі Мұран Әйтенов шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу жөнінде арнайы бағдарлама жасақтап жүйелі жұмыс жүргізу туралы тапсырма берген болатын.

Әкім тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағындағы «Өтеміс» тұрғын алабындағы абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Нақтырақ айтсақ, «Өтеміс» тұрғын алабындағы Жастар көшесін абаттандыру мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «Назар» ЖШС жүргізуде. Сондай-ақ, бүгінге күнге дейін 94 аула абаттандырылса, ағымдағы жылы жобамен 15-ке жуық ауланы абаттандыру жұмыстары қолға алынатын болады.

Тұрғын алабындағы қолға алынған жұмыстарға аудан әкімі аппараты тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аудандық инфрақұрылым және көріктендіру бөлімі тарапынан абаттандыру жұмыстарына жауапты мекемеге құрылыс жұмыстарының талапқа сай әрі сапалы жүргізілуі қажеттігі ескертілді.

Тұрғындардың игілігі үшін істелініп жатқан абаттантандыру жұмыстарына күтіммен қарап, жанашырлық танытуға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте ЭКҰ жасатуға 429 квота бөлінген

admin

Қазақстан 2025 жылға дейін қант өндіруді 80 пайызға көбейтеді

admin

Көлік алуға жеңілдіктер жүріп жатыр – министрлік себебін түсіндірді

admin