Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Мәжіліс депутаты жас спортшылармен кездесті

Парламент мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Қаратаев Фахриддин Абдінәбиұлы Шымкенттегі №8 «Қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» спортшыларымен кездесті. Жиынды «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы ұйымдастырды. Кездесуге «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы, Әл-Фараби ауданының әкімі, филиал төрағасы Мыңбаев Рашид Мамытұлы қатысты.
Кездесуде Фахриддин Абдінәбиұлы жас спортшыларға терең ой салып, игі іске баулитын тағылымды әңгімелер айтты. Одан бөлек олардың жігерін жандыратын түрлі мотивация берді. Депутат жас спортшылар спорттан жиған мүмкіндіктерін, шеберліктерін, көшеде емес үлкен халықаралық додаларда, байрақты бәсекелерде Қазақстанның туын жоғары көтеруге жұмсау қажеттігі жөнінде келелі ой тастады.
Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев жастарды салауатты өмір салтын сақтауға, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстап, өзіне, қоршаған ортаға пайдасын тигізетіндей іспен айналысуға шақырды. Аға буын өкілдерінің өнегеге толы сөздерін тыңдаған жастар бүгінгі кездесуге келген Мәжіліс депутатына ризашылығын білдірді. Бұдан бөлек олар өздерін мазалаған көп сұраққа тұщымды жауап алды. Кездесу еркін форматтағы диолог түрінде өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: Шомылу маусымына дайындық жұмыстары басталды

admin

Ордабасы: аудан басшысы Нұрбек Бадырақов Бірлік ауылына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

admin

Ормандарды өртеп, ағаштарын Қытайға сатып жатыр. Сарапшының сөзі қаншалықты рас?

admin