Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: М.Исахов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабардар етті.

Қабылдаудағы мәселелердің басым көпшілігі қоғамдық көліктердің жүру жүйесі мен шағын аудандардағы ішкі орам көшелерді асфальттау және заңсыз салынып жатқан кәсіптік нысандар мен спорттық алаңшаларға, сондай-ақ, қаланы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге қатысты болды.

Мәселе дер кезінде шешімін табуы үшін Мақсұт Пернебайұлы қалалық басқарма басшыларына жоғарыда аталған мәселелер бойынша тұрғындарға кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, орындалуы тиіс шараларды уақыт созбай қолға алуды тапсырды. Кезек күттірмейтін мәселелерді анықтап, дер кезінде тиісті шаралар атқаруды баса назарға алды.

Айта кетейік, карантиндік талаптарға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізілді.

Тұрғындар қабылдауға қала әкімдігінің ресми сайтына өтінім қалдыру арқылы және әлеуметтік желідегі жеке парақшасына хат жолдау арқылы алдын ала жазылған.

Сәйкес жаңалықтар

Заңға еңгізілетін өзгерістер- заман талабы

admin

«Е-асхана» жүйесі арқылы ата-ана баласының не жеп жүргенін бақылай алады

admin

Сауран: ауданда «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды

admin