ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көліктердің саны артуда

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов бүгін @akimat_shymkent парақшасынан тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берді.
Әлеуметтік желілерде басқармаға қатысты қойылатын ең маңызды сұрақтардың бірі – қоғамдық көліктердің жаңарған бағыттары, яғни көп талқылау жүргендері – №17,21,34,171,171А. Эфир кезінде басқарма басшысы осы тақырыпқа кеңінен тоқталды.
№17 автобус бағыты – «Тұран ш.а – Автонұр базары» аралығында қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus»ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 7 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері 19-25мин құрайтын. Автобус Тұран ш/а тұрғындарын Байдібек би даңғылы арқылы «Гиперхаус» сауда үйіне, Байтұрсынов көшесі арқылы қала орталығына, Республика даңғылы арқылы Автонұр базарына тасымалдайды. Аталған маршрутқа келіп түсетін шағымдардың көпшілігі Тұран ш/а тұрғындарының тағы бір маршрут сұрауы, себебі автобус ішінде адам тығыздығы өте жоғары. Басқарма тарапынан тексеріс нәтижесі бойынша адам тығыздығы жұмысқа баратын және қайтатын уақытта жоғары болды. Нәтижесінде, алдағы уақытта Тұран ш/а құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң басқарма тарапынан тағы бір №75 маршрут қарастыру көзделуде және қазіргі уақытта 17 маршруттағы автобус саны 12 болып, аралық жиілігі 5-7 минутты құрады. Бұл бағыт бойынша Тұран ш/а тұрғындарын қала орталығына жеткізу жоспарлануда.
№21 маршрут «Құрсай ш/а – Айқап ш/а» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 14, ал демалыс 10 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілігі жұмыс күндері – 12мин, демалыс күндері – 15мин құрайтын. Халықтың көпшілігі №21 маршрут бойынша шағымында адам ағыны жоғары болуын айтады. Бұл мәселе бойынша маршрутқа тағы да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отыр.

ПІКІР ЖАЗУ