Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Кітапханада 5 мыңға жуық сирек кітап қоры бар

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында аса құнды рухани, эстетикалық немесе құжаттамалық белгілеріне орай және ерекше ғылыми, тарихи және мәдени маңызы бар кітаптар мен қолжазбаларды сақтау және пайдалану мақсатында басылымдардың тарихи, көркемдік құндылығы негізінде құнды дүниелер сақталатын сирек кітаптар қоры бөлім бар.

1960 жылға дейін жарық көрген отандық және шетелдік басылымдар жинағы, сонымен қатар орыс және шет тілдеріндегі кейінгі кезеңдегі басылымдардан құрылған тарихи және көне кітаптар жиынтығын қамтиды.

Қор құрамына көне кітаптар (көлемді кітаптар, шағын кітаптар, авторлар қолтаңбасы, факсимильді, баспа басылымдары), брошюралар, буклеттер, газеттер мен журналдардың жеке үлгілері, жазбалар, карталар кіреді.

Жалпы бөлімде 5 мыңға жуық кітап қоры бар. Қордағы ең көне кітап – ағылшын жазушысы В.Скоттың 1824 жылы жарық көрген «Қызыл қолғап» кітабы. (Walter Scott. Redgauntlet: A Tale of the Eighteenth Century. Vol.II. Printed for Archibald Constable and Co. Edinburgh; And Hurst, Robinson and Co». — London, 1824.) Бұл кітап қоры оқырмандар үшін таптырмас мол мұра.

Сәйкес жаңалықтар

Реновация бағдарламасы: Қала әкімі пәтер кілттерін тапсырды

admin

Полиция адам саудасына қарсы күресті күшейтуде

admin

Түркістан облысында жайлы мектептердің құрылысы аяқталып келеді

admin