Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Қаратау аудан аумағында 1039 кәсіпкерлік нысандар бар

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, қала аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын күшейту жөніндегі шаһар әкімінің тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов бүгін ауданда құрылған мобильді топпен бірге аудандағы кәсіпкерлік нысандарын аралап, Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері қаулысының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.

Үшінші мегаполистегі кезекті мониторинг жұмыстары барысында аудан басшысы нысан иелері мен қызметкерлеріне күнделікті санитарлық талаптарды және қаулыда көзделген тапсырмаларды бұлжытпай орындауды тапсырды.

Еске сала кетсек, Қаратау аудан аумағында 1039 кәсіпкерлік нысандар бар.
Қаратау ауданы аумағында 10 мобильді топ құрылып, карантин талаптарын сақтау туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Айта кетейік 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында мобильдік топ жалпы карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтап, тиісті шара қарастыру үшін Қаратау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдаған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

ПОСЛАНИЕ: Мы всегда поддерживаем Президента нашей республики!

admin

Түлкібас: «Сыр шерткен бізге көнеден, ұрпаққа үлгі өнегең» шешендік сөздерді жатқа айту байқауы өтті

admin

Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге барды

admin