ШЫМКЕНТ: Қарабастау тұрғын алабы сапалы электрмен қамтылмақ

Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Қарабастау тұрғын алабы 2021 жылдың соңына дейін сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Мердігер мекеме “Ынтымақ Бес Арыс” ЖШС тұрғын алапта 2020 жылдың қараша айында құрылыс жұмыстарын бастаған болатын. Бүгінде 200 электр бағаны орнатылды. Яғни, құрылыс жұмыстарының 40 пайызға жуығы аяқталды.

Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың қазан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Содан кейін “ОңтүстікЖарықТранзит” ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізілетін болады.

Еңбекші ауданында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жұмыстар атқарылуда. Мәселен, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2020 жылы тұрғындардан түскен жобалар сараптамалық кеңесте қаралып, басым дауыс жинаған 13 жоба бойынша 24 үйдің ауласын абаттандыруға бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, осы жылы аталған жоба бойынша сәуір айында конкурс жарияланып, 85 жоба түсті. Бүгінде оның 77 жобасы дауыс беруге жіберілді.

ПІКІР ЖАЗУ