Шымкент: Қарабастау елдімекеніне сапалы ауыз су жеткізілді

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданына қарасты  Қарабастау елдімекеніне арнайы барып, ауызсумен қамту жұмыстарымен танысты. Аталған елдімекенге су құбырын жеткізу мақсатында былтыр мердігер мекемемен келісім шарт жасалған болатын. Су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Бүгінде 1651 абонентті қамтитын жоба толық аяқталып, елдімекендегі 262 тұрғын үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Қалған жұмыстар жаңа құрылыс аумақтарына тұрғындар қоныстанғаннан кейін жалғасады.

Айта кетейік, биылғы  жылы қалада ауызсумен қамту бойынша 6 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 72 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, қала бойынша сумен қамту көрсеткіші 98,5% – дан 99,5% – ға дейін артты.

Қала басшысы жауаптыларға халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында ауызсумен қамту бағытындағы жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша тапсырмалар жүктеді.

ПІКІР ЖАЗУ