ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ ЦИКЛІ: СКРЯБИН КОНСТАНТИН


Құрметті қала тұрғындары қаланың құрметті азаматтарын таныту мақсатында тарихқа көз жүгірте отырып, Шымкент қаласының құрметті азаматы циклын ұсынып отырмыз. Циклдың мақсаты –кеңестік кезеңнен бастап Тәуелсіздік жылдары арасындағы Шымкент қаласының құрметті азаматы атанған, қаланың дамуына тұлға ретінде адамгершілігі, еңбек жолымен еңбегі сіңген тарихтағы ежелгі және жаңа есімдерді бүгінгі ұрпаққа насихаттау.

Осы орайда гельминтология ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін және туылғанына 90 жыл толуына байланысты Қазақ ССР Еңбекші депутаттары Шымкент қалалық Советі атқару комитетінің 1968 жылғы 29 қазанындағы
№ 412 шешімімен «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болған тарихтағы Константин Иванұлы Скрябин есімін ұсынамыз.

Скрябин Константин Иванұлы 1878 жылы 7 желтоқсанда Петербург (Ленинград, Санкт-Петербург) қаласында туылып, 1972 жылы 17 қазанда Мәскеу қаласында қайтыс болған. Ұлты орыс. 1905 жылы Эстонияның қазіргі Тарту қаласындағы мал дәрігерлік институтын бітірген.

К.И. Скрябин гельминттердің морфология, биология, филогения, жүйеленім, экология, эпизоотология және эпидемиологиясын зерттеген. Ол гельминттердің 200-ден астам ғылымға беймәлім жаңа түрін ашып, оларға сипаттама берген. Гельминтологиялық толық зерттеу әдісін ұсынып, ғылымға гельминттердің резервуарлы қосымша иелері туралы ұғым енгізген, дегельминтизация принциптерін пайымдаған, гельминттерді толық жою (девастация) теориясының негізін салған.

ПІКІР ЖАЗУ