Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шымкент қаласының әкімі балаларды мерекемен құттықтады

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Балалардың жүзіне күлкі сыйлап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, мекеме аумағын аралап, балалардың

жағдайымен танысты. 

Ал, балалар тәрбиешілермен бірге арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Ән айтып, би билеп бар өнерін ортаға салды.

Бүгінде орталық қызметкерлері балғындар үшін отбасылық жайлылық пен жылы атмосфера жасап отыр.

Түрлі үйірмелер мен секциялар жас достардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Балалар — біздің басты байлығымыз. Жас ұрпақтың жеке қабілеттерін дамытып,оларға барлық жағдай жасау, өмірін, денсаулығы мен құқығын қорғау  — біздің маңызды міндеттеріміздің бірі.

Мейрам қарсаңында балаларға бақытты балалық шақ, денсаулық, ата-аналарға амандық пен табыс тілейміз!

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіледі

admin

Алматыда 232 адам Гонконг тұмауын жұқтырған

admin

«Жастар күніне» орай бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

admin