Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкент қаласында дүкен өртенді

Шымкент қаласының Төле би көшесі бойында тұрмыстық техника сататын дүкен өртенді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Шымкент қаласының ТЖД баспасөз қызметі таратқан алғашқы ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 15:24-те Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Төле би көшесі бойындағы дүкен мен қоймадан түтін шығуда деген хабарлама түскен. Күштер мен құралдар оқиға орнына, №2 шақырту бойынша жіберілген. Төле би көшесі нөмірсіз мекенжайда орналасқан 2 қабатты тұрмыстық техника сату «Темірлан» дүкенінің көлемі 150 ш.м. шатыры және жапсарлана соғылған жалпы көлемі 650 ш.м. қойма толығымен жанды. Өрт сағат 16:45-те оқшауланды. Оқиға орнына ТЖД 62 қызметкері мен 17 техника, АМО 3 қызметкері мен 1 техника) жұмылдырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Полиция интернет-алаяқтардың 4 call-орталығын жойды

admin

Құқық қорғау органы өкілдері мектеп оқушыларымен кездесті

admin

«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында семинар өткізді

admin