Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шымкент: қала көркі – сапалы инфрақұрылым

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында бүгінгі күні 27 шағынаудан мен елді мекенінде  257,7 мың тұрғын бар. Бұл аумақтарда 205 көп қабатты үй, 1274 көше, 230-ға жуық әлеуметтік нысан орналасқан. Осы елдердің 26-сы электр жарығымен, 23-і табиғи газбен, сапалы ауыз сумен толықтай қамтылған.

Аудан әкімі Бұқарбай Пармановтың айтуынша, бірінші кезекте қала сыртындағы шағынаудандар мен елдімекендерге  инфрақұрылым тартуға жете мән берілуде.

Аудандағы елдімекендер ауыз сумен толық қамтылған. Өткен жылдан бері Асар-2 шағынауданында сапалы электр жарығымен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстар аяқталса, аудандағы барлық елдімекендердің жарыққа қатысты мәселесі толық шешімін таппақ.

Өткен жылы 3 елді мекенде (Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Қайнарбұлақ саяжайы және Ынтымақ-2) табиғи газ жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Биыл жыл соңында аяқталады. Нәтижесінде  табиғи газбен қамту үлесі 98 пайызға жетпек.

Аудандағы 27 елді мекеннің 7-не ғана орталықтандырылған кәріз жүйесі тартылған. 2025 жылдың соңына дейін кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін жеткізу бағытында жұмыстар атқарылуда.

Аудан әкімі тұрғын алаптар мен шағынаудандарды өткен жылы 16 рет аралап, кездесулер өткізген. Олардың тарапынан 205-ке жуық ұсыныс-пікірлер айтылып, өткен жылы 85-інің шешімі табылса, 60-ы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  60  мәселені шешу 2024-2025 жылдардың еншісіне қалдырылған.

Сәйкес жаңалықтар

Пробациялық есептегі 400 азаматқа арналған форум: «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам»

admin

Қазақстанда жалған ақша екі есе артты: Қалай алданбау керек?

admin

Жыл соңына дейін әрбір қазақстандық мемлекеттен 157 мың теңге ала алады

admin