Шымкент: қала басшысы еңбекші ауданы әкімінің есебін тыңдады

 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесіп, аудан әкімі Досбол Есілбектің есебін тыңдады.

Ауданда 29 елдімекен, 283 көпқабатты үй бар. 228 830 халық тұрады. Өткен жылы аудан тұрғындары тарапынан 188 мәселе көтеріліп, оның 167-сі шешімін тапқан. Аудан жұртшылығы ауыз сумен 94,5 пайыз, электр жарығымен 98,3 пайыз, ал табиғи газбен 90,7 пайыз қамтылған.

Кездесуде қала әкімі: «Кезекті басқосуда сіздермен жүздесіп отырмыз. Мемлекет басшысының ұстанымы — бұқарамен тікелей байланыс орнату. Осы тұрғыда өздеріңізбен кездесіп, мақсатымыз мәселелеріңізді шешуге бағытталған. Яғни, халықтың қажеттілігін назардан тыс қалдырмаймыз. Сондықтан тұрғындардың мәселесімен танысуды шалғай өңірлерден бастаймыз», – деді.

Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішімен танысқан қала басшысы сұрақ-жауапқа кезек берді.

Тұрғындардың талап-тілегін мұқият тыңдаған қала әкімі жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеп, халықтың ұсыныстары мен өтініштері орындалуын тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ