ШЫМКЕНТ: Ивестициялық жобаларға құрылыс алдаңдары дайындалады

Шымкент қаласы аумағында құрылыстардың қарқынды дамуы, ивестициялық жобалардың көптеп тартылуына байланысты алдағы уақытқа құрылыс алдаңдарын дайындау қажеттілігі туындауда. Сол себепті алдағы уақытта көпқабатты тұғын үйлер жоспарланған аумақтарға тиісті жұмыстар (инфрақұрылым жүйелерін тарту, жер телімдерін мемлекетке қайтару және т.б.) жүргізу қажет. Бұл туралы Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Архабаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде Тұран шағынауданында тұрғын үйлер аумағына инфрақұрылым жүйелері жобалары жасақталып, инженерлік жүйелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Шымкент қаласының Бас жоспар жобасын жасақтау ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы қаулысына сәйкес ұйымдастырылды.

Шымкент қаласының Бас жоспар жобасын әзірлеуге Вэб-порталға хабарландыру жарияланып, 6 әлеуетті өнім берушілердің арасынан «Градкомплекс» ЖШС жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда «Градкомплекс» ЖШС-мен Шымкент қаласының Бас жоспарының тұжырымдамасына сәйкес, қаланы дамытудың перспективалы бағыты мен аумақтық өсу бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

ПІКІР ЖАЗУ