Шымкент инвесторлар есебінен мектеп салу бойынша елімізде көш бастап тұр

Шымкентте жыл соңына дейін 10 222 орынға арналған  20 мектеп пайдалануға берілгелі отыр.  Олардың ішінде 4-уі – мемлекеттік, қалған 16-сы — жекеменшік мектептер.  Осыған сәйкес,  қала әкімінің бірінші орынбасары  Шыңғыс Мұқан және білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бастаған салаға жауаптылар құрылыс алаңдарын аралап, білім нысандарының жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.

Ең алдымен Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 жалпы орта мектепке барып, 300 орындық қосымша оқу корпусының құрылысын көрді.

Айта кетейік, мұнда бүгінде құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталған, шілде айынан бастап абаттандыру жұмыстары атқарыла бастайды. Білім ғимаратын дер кезінде қолданысқа беруді ескерткен Шыңғыс Жұмабекұлы құрылысшыларға еңбек қауіпсіздігін сақтауға да ерекше мән беруді тапсырды.

Сайрам тұрғын үй алабы аумағында орналасқан жалпы алаңы 3,5 га алып жатқан 120 орындық білім нысанының қосымша құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Құрылысты аралап көрген  қала басшысының бірінші орынбасары ең алдымен материалдардың төзімділігі мен сапасына ден қоюды жүктеді. Сондай-ақ мердігерлерге ғимаратты әрлеу жұмыстары кезінде дизайнер мамандарымен де байланысып,  жұмыс жүргізуді тапсырды.

 

ПІКІР ЖАЗУ