ШЫМКЕНТ: «I-kolik» қосымшасын қолданушылардың қатары күн санап артып келеді

Қазіргі таңда іске қосылғанына бес ай болған «I-kolik» қосымшасын қолданушылардың қатары күн санап артып жатқанын да айтады.

Жаңа жобаға қатысқан жүргізуші қызметтік тәртіпті сақтау, жолаушыларға сыпайылық таныту мен психологиялық дайындық, келеңсіз жағдайлардың алдын алуды үйренеді. Оқудан өткендерге міндетті түрде сертификат беріледі. Айта кетейік, сертификаты жоқ жүргізушілер қоғамдық көлікті басқаруға орналаса алмайды. Сонымен қатар, сертификат табысталғаннан кейін жүргізуші еңбек тәртібін бұзса, қайта аттестациалаудан өту міндеттеледі. Ал этикалық нормалар мен еңбек тәртібін бірнеше рет бұзғандар қызметтен босатылып, алдағы уақытта қоғамдық көлікті айдау жұмысына орналасуы екіталай болмақ. Жолаушылардың талап-мүддесін орындап, қызмет сапасын жақсарту бағытында бізге жүктелген жауапкершілік, міндет ауқымы артып отыр. Бұл – қаладағы қоғамдық көліктердің қызмет сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір парасы,– дейді Ж.Сардаров.

«KazITService» компаниясы жасаған «I-kolik» қосымшасын «PlayMarket» және «App store» арқылы жүктеген қолданушылар 100 мыңға жуықтады. Бұл – жақсы көрсеткіш. Қосымшаны пайдаланушылардың басым көпшілігі жобаға оң бағасын берген. Бүгінде мегаполистегі қоғамдық көлік қызметі 100 пайыз автоматтандырылған жүйемен жабдықталған. Яғни, көліктің қай жерде, қай уақытпен кетіп бара жатқанын GPS қондырғылары арқылы бақылап отыруға болады. Қала тұрғындары мен қонақтары қосымшаны жүктей отырып, автобустардың жаңарған бағыттары мен қозғалысын бақылай алады. Жобаны бақылаушы ретінде бізге де тиімді. Көлік жүргізушілерінің қанша уақыт жұмыс істейтінін көріп отырамыз. Бұрындары жұмыс графигі аяқталмай қайтып кететіндері болатын, – дейді маман.

ПІКІР ЖАЗУ