Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Екпе алуға келген тұрғындарға «Мен қауіпсіздіктемін» браслеті таратылды

«Мен қауіпсіздіктемін» деп аталатын акцияның өтуіне қалалық Жастар ресурстық орталығы және еріктілер атсалысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.
Тұрғындарды екпе алуға үндеген шара мегаполистегі №1, № 3 және №6 емханаларда ұйымдастырылды.
Еріктілер емханаға екпе алуға келген тұрғындарға «Мен қауіпсіздіктемін» браслетін таратты.
-Қазір қаладағы эпидахуал күрделі. Мегаполистегі коронавирусты емдеу орталықтарында ауырып жатқан науқастар көп. Олардың көбісі дәрігердің кеңесін алмай, өз бетінше ем-шара қабылдағандар және вакцина алмаған пациенттер. Соның салдарынан адамдардың дерті ушығып, соңы қайғылы жағдайға ұшыруда. Сондықтан қауіпті індеттің алдын алып, ауырмаудың тиімді жолы — екпе алу екенін ұмытпайық,- дейді №1 қалалық емхананың терапевт дәрігері Балнұр Пазилова.
Айта кетейік, Шымкентте жалпы екпе алу науқаны басталғалы 394 484 адам вакцина салдырды. Оның 319 297-сі вакцинаның екі компонентін алған. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 55%-ды құрайды, 1670 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2110 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 559 төсек орын бар, 346 науқас ем қабылдауда.

Сәйкес жаңалықтар

Мұсылмандар Тоқаевтан Қазақстанда қара жұмаға тыйым салуды сұрайды

admin

Сарыағаш: жол қауіпсіздігі басты назарда

admin

Мақсары ору науқаны басталды

admin