Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ДенсаулықЖаңалықтар

Шымкент: бауыр мен бүйрек алмастыру отасы сәтті жасалды

Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері бауыр, бүйрек алмастыру оталарын  сәтті жасап шықты. Алдымен, мамандар сырқаты  ісік-асцит синдромынан басталған ауыр жағдайдағы науқасқа ұлының бауырының бөлігін хирургиялық жолмен салып берді.

Сондай-ақ аталған аурухана базасында бүйрек трансплатациясы да жасалды. Білікті дәрігерлер тобы 2003 жылы туылған науқасқа туған ағасының бүйрегін орнатып берді. Қазір  рецепиенттердің де донорлардың да жағдайы жақсы.

Трансплантация – ауыр сырқаттарға шалдыққан науқастардың өмірін ұзартудың жалғыз жолы. Технологиялық күрделі оталар азаматтарға міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін жасалады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда «КОНГРЕСС ХОЛЛ» көпсалалы кешенінің 2 жылдығы аталып өтті

admin

Президент: елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады

admin

Алматыда «Оркестр түні» өтті

admin