Шымкент: бауыр мен бүйрек алмастыру отасы сәтті жасалды
Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері бауыр, бүйрек алмастыру оталарын сәтті жасап шықты. Алдымен, мамандар сырқаты ісік-асцит синдромынан басталған ауыр жағдайдағы науқасқа ұлының бауырының бөлігін хирургиялық жолмен салып берді.
Сондай-ақ аталған аурухана базасында бүйрек трансплатациясы да жасалды. Білікті дәрігерлер тобы 2003 жылы туылған науқасқа туған ағасының бүйрегін орнатып берді. Қазір рецепиенттердің де донорлардың да жағдайы жақсы.
Трансплантация – ауыр сырқаттарға шалдыққан науқастардың өмірін ұзартудың жалғыз жолы. Технологиялық күрделі оталар азаматтарға міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін жасалады.